Астанада балалар үйіндегі өрт сөндірілді
13:36, 15 Ақпан 2018
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада Сейфуллин көшесіндегі №1 балалар үйінің ғимаратында болған өрт сөндірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«15 ақпан күні 12:15-те балалар үйінің үш қабатты ғимаратында, алдын ала мәліметтер бойынша, үшінші қабаттағы қоймада өрт тұтанған. 12:43-те алау ауыздықталды. Шамамен 30 шаршы метр жерді жалын шарпыған», - делінген хабарламада.
Өрт сөндірушілер келгенше мекеменің әкімшілігі адамдарды эвакуациялаған. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
Өртті сөндіруге Астана өрт сөндіру қызметі жеке құрамының 40 қызметкері және 8 техникасы жұмылдырылған.