Елордалық Жол полициясы басқармасының (ЖПБ) мәліметтеріне сәйкес, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда жол апаттарының саны 40,8 пайызға, жарақаттанушылар- 45,7 пайызға азайды.
ЖПБ өкілдерінің айтуынша, балалардың қатысуымен болған жол-көлік оқиғаларында жарақат алған балалардың саны азайып отырғанымен (2009 жылы - 46, 2010 - 25), көлік доңғалақтарының астында қаза тапқандардың көрсеткішін азайту мүмкін болмай отыр. Биылғы көрсеткіштер өткен жылғы деңгейде қалып отыр (4 бала).
«Балалардың әрекеттерін көп жағдайда алдын ала болжау мүмкін емес. Олар ойынның қызығына беріліп, не болмаса қиял үстінде келе жатып жол бойына жүгіріп шығады. Сондықтан жүргізуші мұндай жағдай кез-келген жерде болуы мүмкіндігін қашанда есте сақтау қажет», деп атап өтті ЖПБ-ның өкілдері.