«Нұра ауданының Полиция басқармасы қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін жұмыстарды орындау немесе қызметтер көрсету фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр», - делінген Полиция департаментінің хабарламасында.
Бұған дейін елордада көпқабатты тұрғын үйден шыға берген баланың үстіне үйдің қасбетіндегі қаптама құлағаны туралы хабарлаған едік.
Баланың жағдайына қатысты Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы түсінік берді.