Анықталғандай, ақпарат агенттіктердің бірінде баланың құтқарылған сәті түсірілген видео жарияланған.
«Видеоны жіберген адамның айтуынша, өзінің досы Есіл өзеніне батып бара жатқан баланы құтқаруға әрекеттенген бойжеткен мен жігіттің соңынан секірген», - дейді ТЖК ресми өкілі.
Ер кісі Астана қалалық ТЖД атынан марапатқа ұсынылатын болады.
«Баланың өмірін сақтап қалған азамат туралы қандай да бір ақпаратқа ие адамдардан Астана қалалық ТЖД-ның баспасөз қызметіне 55-96-60 телефон номері бойынша хабарласуды сұраймыз», - деді Р.Иманқұлов.