Астанада «Балеттің үлкен кеші» өтеді

None
АСТАНА. 25 маусым. ҚазАқпарат - Астанада 27-28 маусымда Қазақ ұлттық өнер университетінде Қазақстан Республикасының халық әртісі Болат Аюхановтың басшылығымен Мемлекеттік академиялық би театры сапарының шеңберіндегі концерттер өтеді,

деп хабарлады ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі.

«Балеттің үлкен кеші» атты бұл сапар - «Отаным - бақыт мекенім» атты жобаның аясында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен өтеді және ұжымның 45-жылдығына арналады.

Аталған концерт бағдарламаларында классикалық авторлардың және қазіргі замандағы шығармалардың үздік туындылары көрсетіледі.