Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігінен хабарлағандай, өрт кеше, 18 қаңтар күні таңертеңгі сағат сегізде әкімшілік ғимараттың екінші қабатында орналасқан кабинеттердің бірінен шықты. Жалынның шарпыған жалпы аумағы 59 шаршы метрді құрады.
Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Тілсіз жау Астана қаласы бойынша Төтенше жағдайлар департаменті өртке қарсы құрылымының 41 адамы мен 5 техниканың күшімен екі сағатта ауыздықталды.