Астанада баспана ретінде пайдаланылып келген контейнерде өртенді, адам шығыны бар

ТАНА. 31 тамыз. ҚазАқпарат - 31 тамыз күні Астана қаласы, Алматы ауданындағы Арқат тұйық көшесінде баспана ретінде пайдаланылып келген контейнерде өрт болды, адам шығыны бар.

ҚР ТЖМ-нан мәлім еткендей, өрт түнгі сағат 3 шамасында шықты. Контейнер жаңадан салынып жатқан жекеменшік тұрғын үйдің ауласында тұрған.

Астана қаласы бойынша Төтенше жағдайлар департаментінің 13 адамы мен 2 техникасы тілсіз жауды бір сағаттың көлемінде ауызтықтады. Жалын тұрғын жайдың 15 шаршы метр аумағын шарпыды. Оқиға орнынан тұлғасы анықталмаған ер адамның мәйіті табылды.