Астанада бастауыш сынып оқушылары бүгін қашықтан оқиды

Ауа райының нашарлауына байланысты 8 қаңтар күні 0-4 сынып оқушылары қашықтан оқытуға ауыстырылды, деп хабарлайды Kazinform Астана қаласы әкімдігіне сілтеме жасап.   

Фото: gov.kz

«Ауа райының нашарлауына байланысты 2024 жылдың 8 қаңтары күні екінші ауысымның 0-4 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына көшеді», - деп хабарлады елордалық білім басқармасы.