«Алдағы екі жылда бізде бастауыш сынып мұғалімдері мен балабақша тәрбиешілерінің жетіспеушілігі қатты сезілетін болады. Бүгінде аталған саланың тым аз қаржыландырылуы бүлдіршіндердің ұзтаздары мен тәрбиешілері деген мамандықтың беделін түсіріп отыр. Соның салдарынан біз педагогтардың жетіспеушілігін барлық жерде қатты сезініп отырмыз» - деді депутат.
Оның айтуынша, білім беру саласынан кадрлардың жаппай кетуі жалақының аздығына тікелей байланысты. Сондай-ақ, ЖОО бітірген көптеген мамандар өз қызметін педагогикамен байланыстырудан қашады.
«Бір ғана мысал, орта маманды білімі бар бастауыш сынып мұғалімі жоғары оқу орнын бітіре салып, мектепке келсе, оған небары 35 740 теңге төленеді. Ал жоғары білімді мұғалім 18 сағаттық жұмысына 42 400 теңге алады. Дейтұрғанмен қазіргі кезде бастауыш сыныптары ұстаздарының көп бөлігі зейнетке шығатын жасқа таяп қалған» - деп атап өтті мәслихат депутаты.
З. Жүсіпованың айтуынша, елордада жыл сайын миграция мен жоғары туу көрсеткішінің әсерінен мектеп табалдырығын аттайтындардың саны еселеніп келеді. «Біз бүгінде бірінші сыныпқа келушілердің орасан зор көлеміне куәгер болып отырмыз. Мәселен, биыл бір ғана 60-шы мектеп-лицейге 500 бүлдіршін бірінші сыныпқа қабылданды. Астана бойынша біз жылына әр мектептен 5-тен 7-ге дейін бірінші сынып ашамыз. Ал бастауыш сынып мұғалімдерін даярлайтын оқу орны жалғыз ғана Гуманитарлық колледж болып отыр. Сонымен қатар, Л. Гумилев атындағы ЕҰУ де бастауыш мұғалімдерін дайындайды. Алайда бұлар тым аз» - деді ол.