Астанада батик өнеріне арналған жұмыстардың көрмесі ашылады

АСТАНА. 21 маусым. ҚазАқпарат - 28 маусым күні Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейінде «Жібек жолы» атты аймақтық батик өнері сайысына қатысушылардың жұмыстарынан ұйымдастырылған көрменің ашылуы болады.

Бұл туралы мұражайдың баспасөз қызметінен хабарлады.

Көрме «Балалық шақтан көзқарас» атты жоба аясындағы ҚР Тұңғыш Президенті Музейінің және Балалар көркемсурет мектебі - ЮНЕСКО клубының бірлескен кезекті іс-шарасы.

Бейнелеу өнерінің осы жанры бойынша сайыс-көрме Астана қаласында алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Бұл сайыс Астана қаласы Балалар көркемсурет мектебі - ЮНЕСКО клубының бастамасы болып табылады. ҚР Тұңғыш Президентінің Музейі көрменің қонақтары мен қатысушыларына музейдің ең көрікті көрме залдарының есігін ашады.

Көрме балалар шығармашылығы арқылы көне батик өнерімен танысуға мүмкіндік береді. Батик - матаны қолмен безендірудің ерекше техникасы. «Батик» термині Индонезиядан келген. Батик тарихы сан ғасырларды қамтиды. Бүгінгі күні батик техникасы арқылы Үндістанда авангардтық көркем шығармалар дүниеге келеді. Үндістаннан басқа көптеген елдер де батик өнерін өздерінің ұлттық өнері деп санайды. Олар мысалы, Индонезия, Малайзия, Шри-Ланка және Тайланд. Батик техникасы үлгісінде жасалған ғажайып дүниелер Шығыс пен Батыс елдері нарығында көптеген сұранысқа ие.

Батик өнері бойынша сайыс-көрмеге Астана, Алматы, Қарағанды, Ақтөбе, Бадамша және Павлодар қалаларынан 100-ден астам жұмыстар қойылатын болады. Жеңімпаздар сайыстың дипломдарымен және құнды сыйлықтармен марапатталады.