Шараға Франция, Германия, Испания, Нидерланды және Ресейден келген 70 жуық адам қатысуда.
Астана қаласы мәдениет басқармасының мұрындық болуымен аталмыш шара елордада үшінші рет ұйымдастырылып отыр. Елорда тұрғындары мен қонақтарын 5 және 6 шілдеде сағат 12-ден кешкі 8-ге дейін бұл шараны тамашалай алады.
- Шетелдік дизайнерлер елорда тұрғындары мен қонақтарының назарына әдемі батпырауықтар ұсынады. Әлемде батпырауықтар ұшыратын басқа да фестивальдар бар - жарыстар, батпырауықтарды синхронды түрде ұшыру, - дейді «Астана аспаны» фестивалінің әкімшісі Қайсар Сабыбаев.
Ал кішкентай астаналықтар үшін шара барысында шеберлік дәрістері ұйымдастырылып, батпырауықтар жасау және ұшыру жолдары көрсетіледі.
Екі күнге жалғасатын фестиваль бағдарламасында елордалық «Американо» лайв-бенд, «Высокие братья & TallBrothers» мәскеулік көше театры, «Павана» Нидерланды театрының труппасы, сондай-ақ, диджейлер өнер көрсетеді, конкурстар мен батпырауықтар ұтысы өткізіледі, деп хабарлайды astana. kz.