Концертте Веберн, Сибелиус, Бах, Чайковский сынды классиктердің шығармалары орындалады. Сондай-ақ шарада Хорватия, Ресей сынды елдерден жерлесіміздің өнерін құрметтейтін түрлі музыканттар өнер көрсетеді. «Өзінің өнерімен, кәсіпқойлығымен, жас өнерпаздарды қолдауымен Батырхан музыка әлемінде өшпес із қалдырды», - дейді А.Мырзағалиев.
00:22, 03 Қараша 2015
Астанада Батырхан Шүкеновті еске алу кеші өтеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - 14 қараша күні Астанада Бейбітшілік және келісім сарайында өмірден мезгілсіз озған белгілі әнші Батырхан Шүкеновке арналған кеш өтеді. Белгілі скрипкашы Арман Мырзағалиев бұл шараны Батырханның құрметіне арнамақ, деп хабарлайды gakku.kz.