Бұл туралы «Нұр Отан» партиясының баспасөз қызметі хабарлады.
Баспасөз мәслихатына «Қазақстан» РТРК» АҚ-ның басқарма төрайымы Нұржан Мұхамеджанова және мульфильм продюссерлері Эрнар Құрмашев пен Айнұр Темірханқызы қатысады.
Осы шарадан кейін «Батырлар» мульфильмінің көрсетілімі болады. «Батырлар» анимациялық картинасы MoCap-motion capture жаңа құрал-жабдықтарын пайдалана отырып, қазіргі заманғы технологиялардың көмегімен түсірілген. Анимациялық киноны түсіру барысында бұған дейін «Аватар» фильмін жасауда қолданылған оптикалық қамту мен қозғалысты цифрлау жүйесі пайдаланылды.