Астанада «Байқоңыр» кешені жөніндегі Кіші комиссия отырысы өтуде

АСТАНА. 9 қараша. ҚазАқпарат /Сара Қабиқызы/ - Бүгін Астанада Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық комиссияның «Байқоңыр» кешені бойынша Кіші комиссиясының он үшінші отырысы ашылды.

Күн тәртібінде төрт негізгі мәселе қаралады, солардың алғашқысы Кіші комиссияның он екінші отырысында қабылданған шешімнің жүзеге асырылуы 18 пункт бойынша қаралатын болады.

Ертең Қазғарыш басшысы Талғат Мұсабаев пен Ресейғарыш басшысы Анатолий Перминовтың тең төрағалығымен Кіші комиссияның жалпы отырысы өтіп, олар күн тәртібі бойынша ақпараттарды мәлім етеді.

Мемлекеттік органдар, Қазақстан және Ресейдің мүдделі ведомстволары мен ұйымдарының өкілдері, екі тараптың сарапшылары «Байқоңыр» кешенінің қалыптасуындағы өзекті мәселелер бойынша баяндама жасайды. Ертең күннің соңында тең төрағалар «Байқоңыр» кешені жөніндегі Кіші комиссияның 13-ші отырысының қорытынды хаттамасына қол қояды деп күтілуде.

Астанадағы «Байқоңыр» кешені жөніндегі Кіші комиссияның кезекті отырысының қорытындылары бойынша ҚР Ұлттық ғарыш агенттгінің төрағасы Т.Мұсабаев пен Ресей Федеральдық ғарыш агенттігінің жетекшісі А. Перминов баспасөз алдында сөз сөйлейді деп жоспарланып отыр.