Бұл туралы қалалық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасынан мәлім етті.
Ведомствоның мәліметі бойынша, Байтұрсынұлы көшесіндегі аталған жол телімі екі аптаға (10 маусымға дейін) жол-құрылысы жұмыстарының жүргізілуіне байланысты жабылады.
«Осыған орай қалалық №3 және №21 автобус бағдарлары мына сызба бойынша: «Обаған көшесі - Қошқарбаев даңғылы (оңға қарай) - Сарыкөл көшесі (солға қарай) - одан әрі бұрынғы бағдар бойынша жүреді. Кері бағыт осы аталған сызба бойынша жүзеге асырылады», - делінген хабарламада.
astana.kz сайтының жазуынша, биылғы жылы елордада 17 көшені жөндеп, 115 шақырым жолды қалпына келтіру жоспарланған. Оның 40 шақырымы жаңадан салынып, 35,6 шақырымы жаңартылатын болады. Сондай-ақ тұрғын үй аулаларымен жалғасатын 21,8 шақырым жолдың құрылысы аяқталады.