АСТАНА. ҚазАҚпарат - Астанада өтіп жатқан халықаралық «ЭКСПО-2017» көрмесі аясында 21-24 шілде аралығында «Дәулет» спорт кешенінде белбеу күресінен ересектер арасында XV әлем чемпионаты өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Әлемдік додаға 42 мемлекеттен 300-ге жуық спортшы қатысады деп күтілуде. Бұл сында ерлер 16, ал әйелдер 6 салмақ дәрежесі бойынша өзара кім мықтыны анықтайды.
Ерлер арасындағы медальдар жиынтығы еркін және классикалық тәсілде сарапқа салынса, әйелдер арасында тек еркін тәсілде жүлделер сарапқа салынады.
Белбеу күресі - белі байланған екі жауынгердің өзара жекпе-жегін көрсететін ежелгі күрес түрі. Спортшылар жекпе-жек кезінде бір-бірін белбеуден ұстап, белдеседі және әрқайсысы өз қарсыласын жығуға және жеңуге тырысады.
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.