Мұнда ғалымның жеке заттары, өз қолымен жасаған қобызы, домбырасы, және шаңқобызы қойылып, жазушының шығармашылық өмірінен сыр шертетін фотосуреттер мен кітаптар көрмесі ұйымдастырылды. Ақселеу Сейдімбектің жұмыс орны да осы мұражайда орын тапқан. Ал мұражайдың кіреберісінде Ақселеу ағамыздың бюст үлгісіндегі ескерткіші орнатылды.
Мұражайдың салтанатты ашылу рәсіміне Ақселеу Сейдімбектің сырлас-достары - елімізге белгілі ғалым-жазушылар қатысып, Сарыарқаның саңлағы - Ақселеу Сланұлы Сейдімбек туралы жылы естеліктер айтып, еске алды.