Астанада белгілі ғалым Шаймұрат Қуанғановтың 75 жылдығына арналған шығармашылық кеші өтті

АСТАНА. 6 желтоқсан. ҚазАқпарат - Бүгін Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханада қоғам және мемлекет қайраткері, жазушы-зерттеуші, ғалым Шаймұрат Қуанғановтың 75 жылдығына арналған «Тарих. Таным. Тұлға» атты шығармашылық кеші өтті.

Ш. Қуанғанов Мәскеудегі Тимирязев атындағы ауыл шаруашылық академиясын бітірген. Ол 30 жылдан астам мемлекеттік мекемелерде: Қазақ КСР және Қазақстан Республикасы Министрлер Кеңесінде, ҚР Ауыл шаруашылық министрлігінде, ҚР Президенті аппаратында жұмыс істеді.

Оның қаламынан қазақтың көрнекті мемлекет қайраткері туралы «Бұқар жырау және оның заманы» және «Арий-гун» сквозь века и пространство: свидетельства, топонимы» атты кітаптар туды, оларда белгілі топонимдер, жер атауларының негізінде ежелгі түркі рулары мен тайпаларының тарихи жолдары қаралды. Басылымда мұрағат материалдарының негізінде Кир, Ескендір Зұлқарнайын, Аттила-Еділ, көне дүниенің әйгілі философтарының есімдерімен байланысты тарихи оқиғалар көрініс тапқан. Сондай-ақ, Шаймұрат Төкішұлының қазақтардың тарихы туралы ғылыми еңбектері баспасөз беттерінде көптеп жарияланған.

Шығармашылық кеште «Тарих. Таным. Тұлға» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, оған Қазақстанның көне тарихы мен автордың жеке еңбектері қойылды.