«102-арнасына қала мешіттерінің бірінде белгісіз адам келушілерге қауіп төндіргені туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына дереу полиция жасағы келді. 36 жастағы күдікті жедел түрде ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді. Одан қолдан жасалған пышақ тәркіленді», - делінген елорда полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Тәртіп сақшылары тексеру барысында ұсталған адамның 2006 жылдан бастап психоневрологиялық диспансерде есепте тұрғанын анықтаған.
«Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайына жан-жақты тексеру жүргізілуде», - дейді ведомстводан.