Белсенді жастар шашылып жатқа қоқысты жауапты компанияның кеңсесіне апарды

Фото: «Жаңа адамдар» жастар қозғалысы

АСТАНА. KAZINFORM - Ресми мәліметтерге сәйкес, Астанада заңсыз қоқыс тастауды бақылау күшейді. Әкімдік сайтындағы ақпарат бойынша, осы жылы елордадағы бес ауданда 45 мың тоннаға жуық қалдық жойылған. 

«Жаңа адамдар» жастар қозғалысының өкілдері әлі де проблемалы нүктелер барын айтады. Соның бірі — Ұлы Дала мен Тұран даңғылдарының қиылысындағы қоқыс алаңы. 8,6 гектарға дейін созылған және спутниктен де көрінетін қоқыс алаңы ұзақ уақыт бойы құрылыс компаниясының тарапынан тиісті назарсыз қалған. Бірнеше ай бойы белсенділер рейд өткізіп, бейнежазбаға түсіріп, қоқысты осы аумаққа тасымалдаған КАМАЗ көліктерінің жүргізушілерімен сөйлескен және жергілікті тұрғындармен әңгімелесіп, жағдайды құжаттап отырған.

Фото: «Жаңа адамдар» жастар қозғалысы

Белсенділер осы аумақ үшін жауапкершілік «Нұр Астана Құрылыс» компаниясына тиесілі екенін анықтаған. Экологияны сақтау, заманауи тәсіл және қала тұрғындарының жайлылығы туралы жария ұстанымдарына қарамастан, компания құрылыс нысандарының қоқыс үйінділерімен қатар орналасуы жиілей түскенін байқаған.

Фото: «Жаңа адамдар» жастар қозғалысы

Жастар компанияның ұстанымдары мен жауапкершілігін еске салуды ұйғарады. Бірнеше ондаған қатысушы рұқсат етілмеген қоқыс алаңынан қалдық салып алып, компания кеңсесіне жеткізеді.

- Қоқыс велосипедпен, «NAK-тың қоқысы — NAK кеңсесіне. Өз қоқыс алаңдарыңды өздерің тазалаңдар!» деген үндеуі бар сөмкелермен жеткізілді. Осы әрекет арқылы белсенділер мәселені елемеу оның тікелей өзіңе оралуына әкелетінін көрсетті. Қалаға деген құрмет — өз әрекеттеріңнің салдары үшін жауапкершілік алудан басталады, - делінген «Жаңа адамдар» жастар қозғалысы таратқан хабарламада.

Фото: «Жаңа адамдар» жастар қозғалысы

Қоқысты жеткізу барысында және «Нұр Астана Құрылыс» холдингінің басқарушысы Серікжан Мұхтаровпен сөйлесу кезінде белсенділерді құқық қорғау органдарының қызметкерлері тоқтатты. Олардың мақсаты - мән-жайды анықтау. Белсенділер қоғамның ұстанымын жеткізіп, компаниядан нақты жауап ала алды: Қоқыс алаңын жою 2025 жылдың қазанына жоспарланып отыр.

Осыған дейін Қазақстанда тұрмыстық қоқыстың 25%-ы қайта өңделетіні туралы жаздық.