Астанада бензин қымбаттады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада «ҚазМұнайГаз» жанарамай құю стансаларында АИ-92 маркалы бензин бағасы көтерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Айта кетерлігі, АИ-92 маркалы бензин тек Астанада ғана емес сонымен бірге еліміздің барлық қалаларында литріне 3 теңгеге қымбаттап, 128 теңгеге жетті. Бұған дейін АИ-92 литрі 125 теңге болған еді. Ал АИ-95 маркалы бензиннің бағасы «ҚазМұнайГаз» стансаларында 142 теңгеге жеткен.

«ҚазАқпарат» тілшісіне «ҚМГ» call-орталығынан АИ-92 бензинінің бағасы 27 қазаннан бастап көтерілгенін айтты.

Бүгінде АИ-92 маркалы бензин «Номад» стансасында литрі 127 теңгеден, Helios-те 129 теңгеден, ал Аурикада 131 теңгеден сатылуда.  

Есте болса, 9 қыркүйек күні Астана «ҚазМұнайГаздан» басқа барлық жанармай құю стансасында АИ-92 бензині қымбаттаған еді. 

2015 жылдың қыркүйегінде Қазақстан АИ-92 және АИ-93 маркалы бензин бағасын мемлекеттік реттеуден бас тартты. Осы жылдың 28 шілдесінде дизель отыны бағасын да мемлекеттік реттеу алынып тасталды.