Бұл туралы ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметі хабарлады.
Соның салдарынан бензин төгілді. Төгілген мұнай өнімі шамамен 10 тоннаны құрады. Қалған бензин басқа автоцистернаға құйылды.
Сағат 19.32-де КамАЗ-ды жолдың шетінен көтерді. Жол-көлік апатының салдарынан жүргізуші Б. Ағатаев әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.
Төтенше жағдайды жоюға ҚР ТЖМ Астана қаласы бойынша өртке қарсы қызметтің 9 адамы мен 3 техникасы, ҚР ТЖМ «Апаттар медцина орталығы» ММ-нің 3 адамы мен 1 техникасы, Астана қаласы бойынша СЭС, қоршаған ортаны қорғау басқармасының қызметкерлері, Астана қаласы ІІД ЖПБ-ның қызметкерлері жұмылдырылды.