АСТАНА. KAZINFORM — Астанада бірнеше автобус бағытының қозғалыс сызбасы уақытша өзгерді. Бұл туралы қала әкімдігі хабарлады.
Өзгерістер № 3, 6, 7, 37 және 70 бағыттарына қатысты.
Әкімдік өкілдері уақытша өзгерістерге байланысты жолаушыларға сапарларын алдын ала жоспарлап, қоғамдық көліктің өзгертілген қозғалыс сызбасын ескеруге кеңес берді.
Еске салайық, бұған дейін 15 тамызда Алматыдағы Орталық стадионда YE концерті өтеді. Көрермендердің қауіпсіздігі мен қолайлы жүріп-тұруын қамтамасыз ету үшін қалада жол қозғалысын ұйымдастыру және қоғамдық көлік жұмысына қатысты қосымша шаралар қабылданғанын хабарлағанбыз.
Мейірман Лес
Еуразия ұлттық және Қазақ ұлттық университеттерін бітірген. Республикалық "Ұлан" газетінде, Baribar.kz, Holanews.kz, Zakon.kz, Tengrinews.kz, Massaget.kz, Ulysmedia.kz порталдарында журналист, продюсер, шығарушы/шеф/бас редактор қызметтерін атқарған. 2025-2026 жылдары Kazinform агенттігінің Алматыдағы меншікті тілшісі болып еңбек етті, қазір қазақ редакциясының шығарушы редакторы.