Сәрсенбі күні Астанада Жеңіс даңғылы бойында орналасқан 5 қабатты үйдің екінші қабатындағы пәтерден өрт шықты. Жалын 3 шаршы метр аумақты шарпыды. Төтенше жағдайдың салдарынан ысты газға уланған 1940 жылғы зейнеткер мен 6 жасар ұл бала ауруханаға жеткізілді. 15 адам, оның ішінде 4 бала қауіпсіз жерге көшірілді. Тілсіз жауды ауыздықтауға ҚР ТЖМ Астана қаласы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 29 адамы мен 6 техникасы, ҚР ТЖМ «Апаттық медицина орталығы» ММ-нің 3 адамы мен 1 техникасы жұмылдырылды.
Сол күні Алматы облысының Жетіген ауылында Терешкова 44 көшесінің бойында орналасқан саяжайлық үй өртеніп, шатыры құлады. Жалынмен жойылған аумақ 48 шаршы метрді құрады. Өрт орнында бір адамның мәйіті (жеке тұлғасы анықталмаған) табылды. Өртпен күреске ҚР ТЖМ Алматы облысы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 5 адамы мен 1 техникасы жұмылдырылды.