Астанада бес қабатты үйдегі өрт салдарынан ер адам ауруханаға жатқызылды

Фото: None
АСТАНА. 2 маусым. ҚазАқпарат - Астана қаласының Сарыарқа ауданында 5 қабатты көппәтерлі үйде кеше сағат 14.06-да 1-қабаттағы пәтерден өрт шықты. Бұл туралы ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен хабарланды.

Жалынмен күреске ҚР ТЖМ Астана қаласының ТЖД өрт сөндіру қызметі жеке құрамының 11 қызметкері мен 3 техника бірлігі жұмылдырылды. Өрт салдарынан 47 жастағы ер адам күйік алып, ауруханаға жатқызылды.