Бал мерекесі таңертең қала храмдарындағы ғибадаттан басталып, сол шіркеулердің ауласындағы бал жәрмеңкесімен жалғасып жатыр.
Омарташылар көрме-жәрмеңке ретінде өтіп жатқан шара аясында бал сатып алушыларға пайдалы кеңестерін айтып, балдың бірнеше түрлін сатып жатыр. Негізінен, бұл күн славян мәдениетінің салт-дәстүрімен таныстырады. Қазақстан Митрополиті Александрдың құттықтауынан кейін, еліміздің бірнеше өңірінде бал мерекесі басталады. Шараның ұйымдастырушылардың бірі - «Бал-Ара» Қазақстан омарташыларының ұлттық одағы.