Астанада беймәлім жағдайда ер адам суға батып кетті

None
АСТАНА. 15 шілде. ҚазАқпарат - Елорданың Сарыарқа ауданында 30-35 жастағы ер адам суға кетті.

Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен хабарлады.

Оның мәйітін судан шығаруға ҚР ТЖМ Астана қалалық ТЖД суда құтқару қызметінің 4 маманы мен бір техникасы тартылды. Әзірге оның қандай жағдайда суға батып кеткені белгісіз. Тұлғасы да анықталмаған.