Астанада қаланың тіршілік әрекетін кешенді қамтамасыз ету бағдарламасы аясында жол қауіпсіздігін бақылау және жазаның қолданылмай қалмау қағидатын орындау үшін жол қозғалысы ережелерін бұзуды тіркейтін автоматты фото және бейнетіркеу жүйелері орнатылды. Күн сайын камералар арқылы жүздеген жол қозғалысы ережелерін бұзу жағдайы анықталады. Астана қаласы ІІД Әкімшілік полиция басқармасының хабарлауынша, биыл аталған жүйенің көмегімен 900-ден астам жол ережесін бұзушылық тіркелді. Жалпы көлемі 20 млн. теңге өндіріп алынды. Жүйе online режімінде біруақытта апаттылық деңгейіне әсер ететін бірнеше ЖКО-ны тіркеуге мүмкіндік береді, мысалы: жылдамдық режімін арттыру, бағдаршамның тыйым салынған белгісіне қарамай жүріп кету және тоқтау сызығынан өтіп кету. Жол ережелерін бұзушылықтар туралы мәліметтер «Астана Innovations» АҚ процестік орталығында өңделеді және ол айыппұл мөлшері көрсетілген ұйғарымдар ретінде көлік тіркелген мекенжай бойынша тәртіп бұзушыға жіберіледі.
07:49, 03 Желтоқсан 2014
Астанада бейнетіркеу жүйесінің көмегімен ереже бұзған 900-ден астам жүргізуші анықталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада 2014 жылы бейнетіркеу жүйесі арқылы ереже бұзған 900-ден астам жүргізуші тіркелді, деп хабарланған елорда әкімдігінің ресми сайтында.