Бидің барлық бағыттарын біріктіретін бұл жарысқа қатысушылардың 40 пайызға жуығын балалар құрамақ. Кәсіпқой және әуесқой спортшылар онда балет, халық билері, шығыс билері, эстрадалық билері мен степ, сальса және өзге де би үлгілері бойынша қатысқалы отыр. Олимпиада жеңімпаздары 50 аталым бойынша анықталады.
Астана қаласының туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, оған Қазақстанның барлық аймақтарынан және Куба, Өзбекстан, Ресей сияқты алыс-жақын шет елдердің командалары да қатыспақ. Астана қаласының балалар үйлері мен интернаттардың шәкірттері арасындағы сайыстар, сондай-ақ мектеп жасына дейінгі балалар арасындағы baby cup жарысы өте қызықты өтеді деп болжануда. Сонымен қатар, бағдарламаға мүмкіндігі шектеулі адамдар арасындағы Para Art&Dance фестивалі да еніп отыр.