Астанада білікті тренердің бизнесті жүргізу бойынша семинарлары өтуде

АСТАНА. ҚазАқпарат - 23 және 25-26 қыркүйекте Астанада ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен «Болашақ» қауымдастығы ұйымдастырған ТМД-ның белгілі тренері Всеволод Зелениннің семинарлары өтіп жатыр, деп хабарлайды аталмыш қауымдастықтың баспасөз қызметінен.

23 қыркүйекте өткен «Бизнесті жүргізу: спичрайтинг негіздері» семинары жұмыс аптасының тамаша бастамасы болды. Семинар қатысушылары PR және коммуникациялар саласындағы мамандар, журналистер, «Болашақ» бағдарламасының стипендианттары, соның ішінде мүмкіндіктері шектеулі адамдар лекторды шын ықыластарымен тыңдады. Ол көпшілік алдында сәтті сөз сөйлеу үшін мәтін жазу техникасы туралы әңгімеледі, заманауи саяси технологиялар тақырыбын қозғады және сөз сөйлеушінің басқа адамдармен өзара қарым-қатынастарын қалайша сауатты құрауға болатынын айтып берді.

«Тренер Всеволод Зелениннің стилін ерекше атап өткім келед. Теорияға қоса ол өзінің саяси кеңесші және спичрайтер ретіндегі тәжірибесінен практикалық кейстер әзірледі», - деп семинар қатысушысы Қуаныш Телағысов өз ойымен бөлісті.

25-26 қыркүйекте «Ұйымдастырушылық және жеке коучинг» тақырыбындағы семинар барысында Всеволод Зеленин топтық және дербес тиімділік туралы, ұжым мен жеке тұлғалардың жұмыс қабілеттілігінің өзгеруіне қызмет ететін коммуникациялық стратегияларды дамыту жайлы баяндайды. Семинар практикалық тапсырмалардан құралған, мұнда қатысушылар барынша тиімділікке қолжеткізу әдістерін іс жүзінде пайдаланып көреді. Семинар-тренингтің екі күні ішінде қатысушылар әлеуетті, коуч-ұстанымын іске асыру стратегиясы ретінде коучингтің өсуі мен дамуы үшін қажетті кеңістік ұғымдарымен танысады , сондай-ақ күнделікті тіршілік әрекетінде табысты стратегияларды сіңіру алгоритмдері туралы білетін болады.

Айта кетейік, «Болашақ» қауымдастығы 2011 жылдан бастап біліктілігі жоғары тренерлерді тарта отырып бизнес және жеке адамның дербес өсуі жөніндегі семинар-тренингтерді өткізіп келеді. Семинарлардың мақсаты - көшбасшылық әлеуетті қалыптастыру және дамыту, «Қазақстан-2050» Стратегиясын іске асыру аясында жас мамандар мен «Болашақ» бағдарламасының стипендианттарының жеке тиімділіктерін арттыру болып табылады.