Панельдік сессия жұмысына ҚР Білім және ғылым министрлігінің, облыстық, аудандық, қалалық білім басқармаларының өкілдері, білім беру ұйымдарының директорлары, директордың оқу және тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары, әдіскерлер, мектепке дейінгі ұйымдардың, білім беру саласындағы бақылау жөніндегі комитеттің өкілдері қатысады. Елбасының «Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауында айтылған «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы балалар мен жастарда жоғары руханилық, азаматтық ұстаным, әлеуметтік жауапкершілік, қазақстандық қоғам игілігі үшін еңбек ету дайындығын, жаңа қазақстандық патриотизм мен бірігу сезімін тәрбиелеуге бағытталған. «Мәңгілік Ел» құндылықтарын «Ұлт жоспары «100 нақты қадам» контексінде білім беру процесіне енгізудің маңызды аспектілерін талқылау жастарды сапалы біліммен қамтамасыз етуге, оларда азаматтық ұстаным, жаңа қазақстандық патриотизм мен жоғары руханилық қалыптастыруға бағытталған басымдықтарды анықтауға көмектеседі. Панельдік сессияның қорытындысы бойынша ұсынымдар қабылданады.
15:44, 23 Тамыз 2015
Астанада білім беру процесіне «Мәңгілік Ел» құндылықтарын енгізу панельдік сессиясы өтеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - 24 тамыз күні Білім беру қызметкерлерінің республикалық тамыз педагогикалық кеңесі шеңберінде Мектепке дейінгі және орта білім, ақпараттық технологиялар департаменті және Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы «Ұлт Жоспары «100 нақты қадам» контексінде білім беру процесіне «Мәңгілік Ел» құндылықтарын енгізу» панельдік сессиясын өткізеді, деп хабарлады Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметінен.