«Елордадағы 126 білім мекемесінің 123-і, яғни 98% қысқа дайындық жұмыстарын аяқтады. Алматы ауданында 59 нысанның 58-і, Есіл ауданында 5 нысанның бәрі (100%), Сарыарқа ауданында 62 нысанның 60-ы қысқа дайын, бұл жалпы нысандардың 97%», - деп хабарлады компанияның баспасөз қызметінен.
Сонымен қатар, қаладағы 12 мәдени нысан да жылыту маусымына дайын. Алматы ауданында 4 нысан, Есіл ауданында 1 және Сарыарқа ауданында 7 нысан қысқа әзір.
«Астана жылутранзит» АҚ хабарлауынша, басқа да әлеуметтік нысандар жылыту маусымына дайындық жұмыстарын жүргізді.
Елордадағы 27 денсаулық сақтау нысанының 25-і, яғни, 93% қысқа дайын. Алматы ауданында 16 нысанның 15-і, яғни 94%, Сарыарқа ауданында 11 аурухананың 10-ы, яғни 91% жылыту маусымына дайындық жұмыстарын аяқтады. Астана қаласының тұрғын үй қорына келсек, үйлердің 95% қысқа дайын, Алматы ауданындағы тұрғын үйлердің саны 985, соның ішінде 936 үй немесе 95%, Есіл ауданында 119 тұрғын үйдің 93-і, яғни 78% және Сарыарқа ауданындағы 918 үйдің 856-ы немесе 93% дайындық жұмыстарын жүргізді. Жалпы Астана қаласы бойынша 2022 тұрғын үй бар. Соның ішінде, 1885 үйде (93%) тиісті дайындық жұмыстары орындалды.
Еске салайық, 2013 жылы 11 сәуірде Астана қаласы әкімінің қатысуымен өткен жиынның хаттамасына сәйкес, әлеуметтік мекемелерді1 тамызға дейін, ал көп пәтерлі тұрғын үйлерді 1 қыркүйекке дейін жылыту маусымына дайындау тапсырылған болатын.