Астанада бір ай ішінде бірнеше көше жабылады
Қаланың көшелеріндегі асфальт-бетон жабынын қалыпқа келтіру жұмыстарын жүргізуге байланысты 2016 жылы 5 маусымнан бастап 5 шілдеге дейін көлік құралдарының қозғалысы кезең-кезеңмен шектеледі. Төмендегі учаскелер толық жабылады:
1. Тұран даңғылынан Орынбор көшесіне дейінгі аумақта Достық көшесі;
2. Керей, Жәнібек хандар көшесінен М-2 автожол көпіріне дейінгі аумақтағы Орынбор көшесі;
3. Керей, Жәнібек хандар көшесінен автожол көпіріне (Сарыарқа көшесі) дейінгі аумақтағы Тұран даңғылы;
4. Тәуелсіздік даңғылынан автожол көпіріне (Можайский) дейінгі аумақтағы Пушкин көшесі;
5. Достық көшесінен Сығанақ көшесіне дейінгі Ақмешіт көшесі;
6. Тұран даңғылынан Қабанбай батыр даңғылына дейінгі аумақтағы Керей, Жәнібек хандар көшесі;
7. Кенесары көшесінен Біржан сал көшесіне дейінгі Жеңіс даңғылы.
Қала жолдарындағы жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты ІІД барлық жүргізушілерден өзінің бағытын алдын ала жоспарлауды сұрайды.