Астанада бір әйел мен үш бала газ иісінен уланып қалды

None
ТАНА. 23 қыркүйек. ҚазАқпарат - Астанада бір әйел мен үш бала газ иісінен уланып қалды, деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.

Бейсенбі күні, 22 қыркүйекте Астана қаласының Сарыарқа ауданында орналасқан жеке тұрғын үйде қатты отын жағатын пештің ақауынан 37 жастағы әйел мен 2001, 2004 және 2011 жылы туылған үш бала газ иісінен уланып қалды. Барлық зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді.