Астанада бір күнде иіс тиіп уланудың екі оқиғасы тіркелді, 6 адам зардап шекті - ТЖМ

АНА. 12 наурыз. ҚазАқпарат - Астанада бір күнде пештің ақауы салдарынан көмірқышқыл газына уланудың екі оқиғасы тіркелді, 6 адам зардап шекті.

ҚР ТЖМ таратқан ақпаратқа сүйенсек, 11 наурыз күні таңертеңгі сағат 8 жарымда Алматы ауданы Красная көшесіндегі саяжай үйінде 4 адам, соның ішінде 2 және 6 жастағы екі бала иіс тиіп, уланып қалған.

Осы күні кешке Алматы ауданы, Чайковский тұйық көшесіндегі жер үйден осындай диагнозбен тағы екі адам, нақты айтқанда 11 жастағы жеткіншек пен 1 жасар сәби ауруханаға жеткізілді.