Айдында бір уақытта 5 мыңнан астам адамның коньки тебуіне мүмкіндік туғызылып отыр.
Алматы ауданының әкімі Бекбол Сағынның айтуынша, айдын аумағында конькиді жалға беретін 13 бекет орналасқан. Сондай-ақ, осы тектес мұз айдыны «Жерұйық» саябағында да бар, ал қалалық мектептердің жанында 9 айдын жұмыс істейді.
Жалға беру бекеттерінде 2 мыңнан астам коньки бар, жалға алу құны - сағатына 500 теңге. Ең кішкентай келушілер үшін жеке айдын жасалды. Ақбұлақ өзенінде жыл сайын ашылатын мұз айдыны көптеген астаналықтың демалысын таза ауада өткізетін сүйікті орнына айналды.