Бұл туралы бүгінгі баспасөз мәслихатында ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Қуанышбек Жұманов мәлім етті.
Павлодардың 30 жастағы тұрғыны болып табылатын ұры Астана қаласының 66 жастағы азаматымен көрші тұрған. Оның өз үйінде ірі сомадағы ақшаны сақтайтындығын білгеннен кейін, ол сыбайластарымен келісе отырып, терезе арқылы ауқатты көршісінің пәтеріне заңсыз енген. Ол жерден 50 мың АҚШ доллары мен 112 мың еуро сомасындағы ақшаны ұрлап, оған «Тойота Камри» маркалы автомашина сатып алып үлгерген. «Аталған көлік полиция қызметкерлерінің тарапынан тәркіленді. Қазіргі уақытта қылмыстың басқа да қатысушыларын ұстау бойынша тиісті шаралар қабылдануда», - дейді Қ.Жұманов.