Астанада бір тәуліктің ішінде 60-тан астам жол-көлік оқиғасы болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада бір тәуліктің ішінде 60-тан астам жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды елордалық ІІД баспасөз қызметі.

«Ауа райының нашарлауына байланысты (қар, боран, жолдың көрінбеуі) барлық автокөлік түрлерінің қаладан шығуына шектеу қойылды. Өткен тәулікте 60-тан астам жол-көлік оқиғасы тіркеліп, біраз адам жарақат алды, қаза тапқандар жоқ», - делінген хабарламада.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Астана полицейлері жолда жүрушілерді абай болуға шақырады. Жүргізушілерден қар тазалау техникасының жұмысына кедергі келтірмеуі үшін көліктерді жол бойына қоймауларын сұрады.