Астанада бір үйдің 5 баласы газ иісіне уланып ауруханаға түсті
08:46, 02 Желтоқсан 2011
АСТАНА. 2 желтоқсан. ҚазАқпарат - Астанада бір үйдің 5 баласы пештің ақауы салдарынан газ иісіне газға уланып, ауруханаға түсті. Бұл туралы ҚР ТЖМ-ның баспасөз қызметінен хабарлады.
Оқиға Қабанбай батыр даңғылы бойында орналасқан «Надежда» бақ шаруашылығы бірлестігіндегі жер үйлердің бірінде болды. Көмірқышқыл газына 3, 4, 6, 10 және 15 жастағы балалар уланып қалды.