Осыған байланысты, астаналық полиция қызметкерлері азаматтарды барынша сақ болып, жеке заттарына мұқият қарауға шақырады.
«Шұғыл қоңырау шалу» туралы өтініш жасау - алаяқтық тәсілдердің ішінде кең тараған түрі. Осындай жағдай бойынша қаланың үш тұрғыны арызданған. Арызданушылардың айтуынша, белгісіз біреулер көшеде «телефоныңызды бере тұрыңызшы, қоңырау шалып алайын» деп өтініш жасаған. Сосын ұялы телефонды ала салысымен белгісіз бағытқа қашып кеткен» делінген хабарламада.
Мысалы, бір азаматтан Біржан сал көшесінде бейтаныс ер адам ұялы телефонын сұраған. Қолына телефонды алған сәтте әлгі адам тайып тұрған. Жедел іздестіру шаралары кезінде полицейлер күдіктіні ұстады. Алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Ұялы телефон иесіне қайтарылды.
«Сізден біреу телефоныңызды сұраса, барынша мұқият болыңыз. Өтіп бара жатқан адамға көмектескіңіз келсе, телефонды бейтаныс адамның қолына бермей, нөмірді өзіңіз теріңіз. Алаяқтардан сақ болыңыз» деп ескертеді Астана полициясы.
Заңсыз әрекеттерге тап болғанда немесе куә болған жағдайда тез арада Астана қалалық полициясына жүгініңіз немесе 8 (7172) 71-65-50, 102 телефондарына қоңырау шалыңыз.