Астанада бірінші ауысымда оқитын 1-9-сынып оқушыларына сабақ болмайды

АСТАНА. 25 қаңтар. ҚазАқпарат - Астанада бірінші ауысымда оқитын 1-9- сынып оқушыларына сабақ болмайды, деп хабарлады қалалық төтенше жағдайлар департаментінен.

«Күн райының суықтығына байланысты қала мектептерінде бірінші ауысымда оқитын 1-9-шы сынып оқушыларына бүгін сабақ болмайды»,- делінген таңертең таратылған ақпарда.