Астанада бірінші ауысымдағы 1-4 сынып оқушыларына сабақ болмайды
06:51, 23 Желтоқсан 2016
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласында ауа температурасының төмендеуіне байланысты бүгін, 23 желтоқсан күні бірінші ауысымдағы 1-4 сынып оқушылары үшін сабақтар болмайды.
ҚР Төтенше жағдайлар департаменті таратқан хабарламаға сәйкес, осы уақытта елордада 26 градус аяз тұр.