Астанада бірінші ауысымдағы меткеп оқушылары мен колледж студенттері қашықтан оқиды

АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгін ауа райының қолайсыздығына байланысты елорданың бірінші ауысымдағы мектеп оқушылары мен 1-2 курс студенттері қашықтан оқиды.

Бұл туралы Астана қалалық білім басқармасы хабарлады.

«2023 жылғы 17 сәуір күні ауа райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысымның 0-11 сынып оқушылары үшін және колледждердің 1-2 курс студенттері үшін қашықтан оқыту форматына суыстырылады»,-делінген хабарламада.

Осыған дейін «Қазгидромет» 17 сәуірге дейін күннің бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады.

15 сәуірден бері елордада оқтын-оқтын қарлы боран соғып тұр. Коммуналдық техникалар күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.