Бұл туралы Астана әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.
Астана қаласы Білім басқармасысының басшысы Эльмира Суханбердиева аталмыш шара ҚР Білім және ғылым министрлігі және Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен өтіп жатқанын айтты. Оның айтуынша, Қазақстанның әрбір қаласында 21-30 қыркүйек аралығында Мұғалімдер күні қарсаңында осындай форумдар өтеді.
Бүгін «Алтын белгі» иегерлерін және халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар сайыстарының жеңімпаздарын дайындаған 130 ұстаз құрмет грамоталармен марапатталады.
Атап өту керек, 2015 жылы Астана қаласының 200-ге жуық оқушысы халықаралық олимпиадалар жеңімпаздары атанды. Астаналық команда республика бойынша қатарынан 9 жыл «Үздік команда» ретінде аталып өтті. ҰБТ нәтижесі бойынша Астана бірінші орында.
Еске сала кетейік, Астана қаласында жалпы білім беретін 91 мектепте 7 мыңға жуық мұғалім жұмыс істейді, оның ішінде біліктілігі жоғары және бірінші санатты мамандар 55% құрайды.