«1 шілдедегі деректер бойынша қаланың тұрғын үй қоры 18,1 млн ш.м. құрайды. Астананы көшіргеннен бері бұл көрсеткіш 14 млн ш.м. ұлғайған. 2005 жылдан бері жыл сайын 1 млн ш.м. астам баспана салынып келеді. Ал биылғы алғашқы жартыжылдықта 942 мың. ш. м. баспана пайдалануға беріліп, былтырғы осы кезеңнен 1,8 есе көп болды. Сонымен қатар, оның тек 15-20 пайызы ғана бюджет қаражатымен салынды», - деді С. Хорошун.
Сонлай-ақ, оның айтуынша, бүгінде жалпы ауданы 9 млн. ш.м. болатын 341 нысан салынып жатыр. Ал ауданы 11,2 млн. ш.м. болатын 482 нысан жоспарда тұр.