Қоғамдық көлікті жаңғырту жұмысы аясында 24 шілдеден бастап № 8,10, 15, 18, 24, 37, 303, 304 маршруттарында және 31 шілдеден бастап № 51, 500, 504, 506 маршруттарында кестелердің көлемін арттыру бойынша жұмыс жүргізілді. Бұл кестенің арттырылған көлемі қоғамдық көліктің жүру аралығын 3-5 минутқа қысқартуға көмектеседі.
Орынбор көшесінен Е-15 көшесіне дейін Айтматов көшесі бойынша учаскеде құрылыс жұмыстары аяқталуына байланысты 1 тамыздан бастап №17 («Достық» орталығы- «Жағалау-3» т/к), №1 экспресс маршруттарының соңғы аялдамасы (№ 2 Ақмола обл. ауруxанасы - № 81ОМ) «Жағалау-4» т/к-не дейін, Ш. Айтматов - ул. Е-15 көшелерінің қиылысы) дейін ұзартылды.
Промышленный тұрғын алабы тұрғындарының өтініші бойынша, Шарбақты және Шалкөде көшелерінің қиылысы аумағында маршрут қосуға қатысты 1 тамыздан бастап №11 автобустың жүру кестесі ішінара өзгерді («Алай-Astra» СО- «Нұрлы жол» т/ж вокзалы), 7 тамыздан бастап №48 («Алай-Astra» СО - «Нұрлы жол» т/ж вокзалы) және №7 маршруттарының жүру кестесі («Бал бала» балабақшасы - «Алай-Astra» СО) өзгерді.
Бұл өзгерістер қала тұрғындары мен қонақтарының қолайлығы үшін және қоғамдық көлік жүктемесін жеңілдету үшін жасалынып отыр.