Мәлім етілгендей, қала маңына жүретін өзге бағдарлар кесте бойынша жұмысын жалғастыруда.
Еске салайық, бүгін ауа райының бұзылуына байланысты Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Көкшетау қалаларында, Солтүстік Қазақстан және Атырау облыстарында бірінші ауысымдағы оқулар онлайн форматқа ауыстырылған болатын.
Синоптиктер 25-27 ақпан аралығында еліміздің басым бөлігінде аяздар сақталатынын ескертті. Сондай-ақ жекелеген өңірде қар жауып, боран соғатыны айтылды.