деп хабарлайды ҚазАқпарат Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Шұбар шағынауданында орын алған апаттың салдарынан Перспективная, Тайбеков көшелерінің тұтынушылары және Қабанбай батыр даңғылының екі көп қабатты үйіне су жеткізілімі тоқтатылды.
Қалпына келтіру және жөндеу жұмыстарына «Астана су арнасы» мекемесінің 10 қызметкері мен 4 арнайы техникасы жұмылдырылды. Су жеткізілімі кеше кешкі сағат 19.20-да қалпына келтірілді.
Кеше елордада Абай және Сембинов көшелерінде осындай апат орын алып, су құбырының жарылуынан Кенесары көшесіндегі жеті тұрғын үйі, Сембинов көшесіндегі екі тұрғын үйдің тұтынушылары сусыз қалды. Қайта жөндеу жұмыстары жалғасуда.