«Құмшекер - 7%, маргарин - 1,3%, күнбағыс майы 0,3% арзандады», - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, кейбір өнімдердің бағасы қымбаттады. Қара бидай және қара бидай - бидай наны - 2,8%-дан - 7,4%-ға дейін, жұмыртқа - 4,8%, тұздалмаған сары май - 1,3%, ірімшік 0,2% қымбаттады. Бұдан басқа, көкөністер тобынан қиярдың бағасы - 130,4%, қызанақ - 64,6%, қызылша -27,2%, пияз - 11,8%, сәбіз - 9,8% ақ қауданды қырыққабат 9,5 % өсті.
Еске салайық, қазан айында Астанада өсімдік майы 0,1%, ал сәбіз 5,5% арзандаған болатын.