Астанада бірнеше көше жөндеуге жабылады

АСТАНА. ҚазАқпарат – Астанада бірқатар жол жөндеу жұмыстарына жабылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

Елордада Д.Қонаев көшесі мен Тұран даңғылының, сондай-ақ Өндіріс көшесінің қиылысында жол жөндеу жұмысы жүргізіліп жатыр. Осыған байланысты 20 тамыз күнінің соңына дейін Қонаев көшесі мен Тұран даңғылының қиылысында көлік қозғалысына тыйым салынады.

Сонымен қатар 19 тамыздан 7 қыркүйекке дейін Солтүстік айналма жолдан жол айырығына дейінгі учаскеде көлік қозғалысы ішінара шектеледі.

Бұдан бөлек, Арай көшесіндегі жөндеу жұмыстарына байланысты 19-21 тамыз аралығында Жауқазын көшесінен Ғарышкерлер көшесіне дейінгі учаскеде жол толығымен жабылатын болады.